Қамқоршылық кеңестің жаңа оқу жылындағы алғашқы отырысы өтті.
📍28 қараша күні Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде Қамқоршылық кеңестің жаңа оқу жылындағы алғашқы отырысы өтті.
🔹Отырыста кеңестің 2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары қарастырылып, білім алушылардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз оқу ортасын қалыптастыру және әлеуметтік қолдау шараларын күшейту бағыттары жан-жақты талқыланды.
🔹Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салып, тиімді ұсыныстарын білдірді.
🔹Әлеуметтік осал топтағы білім алушыларға көрсетілетін қолдау, құқық бұзушылықтың алдын алу және колледждегі тәрбиелік жұмыстарды жетілдіру бағытында шешімдер қабылданды.


