Актюбинский Высший гуманитарный колледж

phone icon Тел: +7 (7132) 56‒02‒30

📍«БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «МЕН ОҚЫП ШЫҚТЫМ, СІЗГЕ ДЕ ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІН» ТАҚЫРЫБЫНДА БИБЛИО-ЖАРЫС.

📍«БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «МЕН ОҚЫП ШЫҚТЫМ, СІЗГЕ ДЕ ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІН» ТАҚЫРЫБЫНДА БИБЛИО-ЖАРЫС.

📍«БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «МЕН ОҚЫП ШЫҚТЫМ, СІЗГЕ ДЕ ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІН» ТАҚЫРЫБЫНДА
БИБЛИО-ЖАРЫС.
🔹2025 жылдың желтоқсан айында колледж кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Мен оқып шықтым, сізге де оқуға кеңес беремін» тақырыбында библио-жарысы өткізілді.
🔹Бұл интеллектуалды жарыс болашақ маман иелері – біздің студенттердің балалар әдебиетіне деген қызығушылығын арттырып, оқырмандық мәдениетін тереңдетті.
🔹Командалар үш негізгі кезең бойынша бақ сынасты:
1. «Талдау»: Студенттер балалар әдебиеті үзінділерін жас ерекшеліктеріне сәйкес талдап, оның тәрбиелік құндылығын анықтады.
2. «Кітаптан Келген Кеңес»: Жағдаяттық сұрақтарға (кейс-стади) балаларға арналған кітаптардағы кейіпкерлер мен оқиғаларды мысалға келтіре отырып, креативті шешімдер ұсынды.
3. «Аудиторияға Әсер Ету»: Командалар оқуға кеңес беретін кітаптарына арнап 5 минуттық ерекше буктрейлер/презентациялар дайындап, оны шеберлікпен қорғады.
🔹Жарыс өте тартысты өтті! Студенттердің терең білімі мен шығармашылық қабілеттері ерекше көзге түсті.
🔹Библио-жарыс студенттерге оқығандарын сараптап, оқырмандық тәжірибелерін болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын ұғындырды. Біздің студенттер – болашақ ұстаздар мен кеңесшілер!
🔹Іс-шараға Бк-105 және КТХ-215 топтарының студенттері қатысып, өздерінің оқыған кітаптарымен бөлісті. Сонымен қатар, зейінді дамытуға бағытталған қызықты ойындар ойындар ойнатылып, қатысушылардың белсенділігі артты.

 

kk ru en