БК-406 топ студенттері байқау тәжірибесінен ЖШС «Смарт білім» орта мектебінде өтуде.
📍»Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша БК-406 топ студенттері байқау тәжірибесінен ЖШС «Смарт білім» орта мектебінде өтуде.
🔹Студенттер сабақ барысынан бөлек, көңілді үзіліс уақытын тиімді ұйымдастыруда әртүрлі дидактикалық ойындар дайындады.
🔹“Сыңарын тап” дидактикалық ойыны балалардың бойында алғырлық, ептілік секілді қасиеттерді қалыптастыруды мақсат етеді, сондай-ақ математикалық өрнектердің жауаптарын табу мақсатында ұйымдастырған “Ойлан-тап” ойыны балалардың миға шабуылына оң әсерін тигізді. Және тағы да басқа сергіту жаттығулары мен ойындар арқылы 1-4 сынып оқушылары үзіліс уақытын тиімді өткізді.
🔹Ұйымдастырушы студенттер:
Бк-406 топ студенттері: Губайдуллина Алтын, Жанкелді Аружан, Ануарбекқызы Сайран, Жансерік Айгерім
