Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде өткен өңірлік білім беру-өндірістік кластердің ресми ашылуына қатысты.
📍2025 жылғы 18 желтоқсанда колледж директоры Ж. Алишева мен директордың орынбасары М. Казмукашева Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде өткен өңірлік білім беру-өндірістік кластердің ресми ашылуына қатысты.
Аталған жоба Қазақстанда алғаш рет іскеасырылған үздіксіз кадр даярлау жүйесінің үлгісі болып табылады.
Колледж ұжымы шараға қатысқанәріптестеріне «Profi-Start» өңірлік кластерін таныстырды. Бұл кластер ерте кәсіптік бағдар беруден бастап, мақсатты жұмысқа орналастыруға дейінгі кезеңдерді қамтитын синхрондалған жүйе ретінде ұсынылды.

