Актюбинский Высший гуманитарный колледж

phone icon Тел: +7 (7132) 56‒02‒30

“Кітапхана қызметінде жасанды интеллекті қолдану” тақырыбында практикалық сабақ өткізді.

“Кітапхана қызметінде жасанды интеллекті қолдану” тақырыбында практикалық сабақ өткізді.

📍Республикалық “КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ: БІЛІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСЫНДА” атты әдістемелік-тәжірибелік семинарда колледждің арнайы пәндер оқытушысы Ескарина Райла Жаксыбаевна “Кітапхана қызметінде жасанды интеллекті қолдану” тақырыбында практикалық сабақ өткізді.
🔹Сабақтың мақсаты: қатысушылардың цифрлық сауаттылығын арттыра отырып, заманауи кітапхана жұмысында жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру және кәсіби құзыреттіліктерін шыңдау. Жаңа технологияларды енгізу арқылы жас ұрпақты шығармашылыққа тәрбиелеу.
🔹Семинар қатысушыларына жасанды интеллектінің кітапхана саласындағы рөлі, түрлері және негізгі платформалары (мысалы, ChatGPT, Canva, Perplexity т.б.) туралы түсінік беру.
🔹Кітапхана ісіндегі жаңашылдыққа ұмтылуға, академиялық адалдықты сақтауға және уақытты үнемдеу мәдениетіне тәрбиелеу.
🔹Сабақ барысында:
• Кітапханашы жұмысын жеңілдететін AI құралдары көрсетілді;
• Ақпаратты жылдам өңдеу және креативті контент жасау жолдары талқыланды;
• Цифрлық дәуірдегі кітапхананың жаңа мүмкіндіктері паш етілді.
Қатысушыларға арнайы тапсырмалар арқылы шығармашылық жұмыстар беріледі.
🔹Бұл сабақ – заманауи технология мен дәстүрлі кітапхана ісінің үндестігін көрсеткен нәтижелі шара болды.

  

kk ru en