Актюбинский Высший гуманитарный колледж

phone icon Тел: +7 (7132) 56‒02‒30

«Мектеп әндерін домбыраға лайықтау және іске асыру жолдары» жобасы

«Мектеп әндерін домбыраға лайықтау және іске асыру жолдары» жобасы

📍«Мектеп әндерін домбыраға лайықтау және іске асыру жолдары» жобасы

🔹Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде 2025–2026 оқу жылы ғылыми-әдістемелік жұмыстар аясында бірқатар зерттеу жобалары қолға алынды. Солардың бірі — «Мәдениет және саз» бөлімінің арнаулы пән оқытушылары Карина Г.С. мен Қуанышова З.Ә. жетекшілік ететін «Мектеп әндерін домбыраға лайықтау және іске асыру жолдары» атты ғылыми-зерттеушілік жоба.
🔹Жобаның мақсаты: жалпы білім беретін мектеп бағдарламасындағы балалар әндерін домбыраға бейімдеу арқылы ұлттық аспапқа қызығушылықты арттыру және музыкалық тәрбиенің мазмұнын байыту.
🔹Жастарға берері: жоба студенттердің шығармашылық қабілетін дамытып, ұлттық өнерге сүйіспеншілігін күшейтеді, болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдіреді.
Қазір жоба аясында Сибелиус бағдарламасы арқылы әндерді өңдеу және домбыра пәні оқытушыларының студенттермен бірлескен дайындық жұмыстары, яғни әндерді ноталарға түсіру жұмыстары жүргізілуде.

Директордың ҒӘЖЖ орынбасары

kk ru en