«Оқу үрдісін ұйымдастыруда ЖИ кіріктіру: тәжірибе және болашағы» атты семинар өтті.
📍2025 жылдың 27 қарашасы күні Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Информатика және АТ» кафедрасы ұйымдастыруымен мектеп, колледж, ЖОО оқытушылары арасында тәжірибе алмасу мақсатында «Оқу үрдісін ұйымдастыруда ЖИ кіріктіру: тәжірибе және болашағы» атты семинар өтті.
🔹Семинар барысында колледждің «Математика, информатика және физика» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігінің оқытушылары — Мангибаева А.С., Майлышева А.М., Сарсенбаева С.К., Тултаева А.С. — оқыту тәжірибелерімен бөлісіп, жасанды интеллектті сабаққа шығармашылықпен енгізудің нақты үлгілерін ұсынды.
🔹Қатысушылар ЖИ көмегімен оқу материалына жаңаша мазмұн беру, тапсырмаларды саралау, бағалау үдерісін жеңілдету және жалпы оқыту сапасын арттыру жолдарын талқылады.
🔹Шара соңында педагогтар арасында кәсіби пікір алмасу алаңында жасанды интеллектіні оқу үрдісінде кіріктірудің тиімді жолдары ұсынылды.
🔹Семинар әртүрлі білім беру ұйымдарының тәжірибесін салыстырып, педагогикалық идеялармен алмасуға, оқу орындары арасында ынтымақтастықты күшейтуге оң ықпал етті.


