Состоялась научно-методическая диалоговая площадка «Наука и практика: уроки жизни».
Ағымдағы жылдың 10 қазанда колледжде Сүлеймен Демирел атындағы университет, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университет ғалымдары мен профессорлардың, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты өкілдерінің, колледж педагогтері мен мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Ғылым және тәжірибе: өмір сабақтары» атты ғылыми-әдістемелік сұхбат алаңы өтті.
Іс-шара білім беру саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп жүрген тәжірибелі педагог, колледждің құрметті ұстазы Мұхтарова Ағипа Сағидоллақызының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
«Ғылым және тәжірибе: өмір сабақтары» алаңы – педагогикалық тәжірибе мен ғылымның үндестігін дәріптеуге бағытталған мәнді кездесу болды. Шара барысында қатысушылар білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, педагогикалық тәжірибемен бөлісті.
Алаң жұмысынан кейін, ғылыми-әдістемелік сұхбат алаңының қонақтары, «Қазақ тілі мен әдебиеті» циклдік-әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен Мұхтарова Ағипа Сағидоллақызының еңбек жолына арналған «Ұстаздық жолдан үздік сыр» атты шығармашылық кешіне қатысты.
