"Цифрлық дәуірдегі балаларда құндылықтарды қалыптастыру"тақырыбындағы шағын жобалар
📍"Цифрлық дәуірдегі балаларда құндылықтарды қалыптастыру"тақырыбындағы шағын жобалар
Зерттеу жұмыстары аясында педагог В. К. Шаматованың жетекшілігімен және студент Ангелина Шатерникованың қатысуымен балаларда цифрлық мәдениет пен құндылық бағдарларын қалыптастыруға бағытталған шағын жобалар іске асырылды.
🔹Жұмыс барысында балалар топтарда қауіпсіз интернет, онлайн достық және желідегі игі істер тақырыптарында комикстер, презентациялар, суреттер мен сценарийлер жасады. Олар онлайн ойындар мен әлеуметтік желілердегі өмірлік жағдайларды белсенді түрде талқылады. Бұл оларға цифрлық ортада сыйластық пен жауапкершіліктің маңыздылығын түсінуге көмектесті.
🔹Балалар, ата-аналар және мұғалімдермен өткізілген сұхбат, балалардың виртуалды кеңістікке байланысты тәуекелдерді білетінін, ата-аналар тәртіп пен режимді сақтауда қиындықтарға, балалардың онлайн қақтығыстарға эмоционалды реакцияларына тап болатынын көрсетті.
Нәтижесінде, мұғалім, ата-ана және баланың ынтымақтастығы ғана жауапты интернет қолданушысын тәрбиелеуге көмектеседі деген пікірге келді.
Директордың ҒӘЖЖ жөніндегі орынбасары

