«Тәуелсіздік – ұрпаққа аманат» атты интеллектуалды сайыс өткізілді.
📍Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ұрпаққа аманат» атты интеллектуалды сайыс өткізілді.
🔹Мақсаты: Студенттерге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің тарихи маңызын түсіндіру, елін, жерін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеу, интеллектуалды сайыс арқылы білімдерін жетілдіру, ел болашағы үшін жауапкершілікті сезінетін саналы, белсенді азамат қалыптастыру.
🔹Іс-шараға 2–3 курс студенттері белсене қатысып, өз ой-пікірлерін еркін білдіріп, патриоттық рухтарын көрсетті.
🔹Тәуелсіздік – өткен мен болашақты жалғайтын қасиетті ұғым, ұрпаққа жүктелген үлкен жауапкершілік. Ел тарихын құрметтейтін саналы жастар –еліміздің жарқын болашағы!
🔹Бөлім меңгерушісі: Алпамысова Т.А.

