Актюбинский Высший гуманитарный колледж

phone icon Тел: +7 (7132) 56‒02‒30

Жас дирижер-2025”Республикалық ЖасSTAR өнер байқау-фестивалі өтті

Жас дирижер-2025”Республикалық ЖасSTAR өнер байқау-фестивалі өтті

🎉ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!🎉
📍Қарашаның 15-і күні А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде музыкалық колледждер және жоғарғы оқу орны студенттері арасында “Жас дирижер-2025”Республикалық ЖасSTAR өнер байқау-фестивалі өтті. Аталған байқауға Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің “Халықтық көркем шығармашылық” мамандығының ОДО-405 топ студенті Алтынбекұлы Санжар қатысып, жүлделі ІІІ- орын иеленді. Жетекшісі Айгүл Картанова.
🔹Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде байқау ережесі бойынша ұсынылған он шығарманың ішінен біреуін жатқа дирижерлау. Екінші кезеңде міндетті шығарма- Е.Брусиловскийдің “Думанда” симфониялық поэмасын дирижерлау болса, үшінші кезеңде талап бойынша берілген классикалық күрделі шығармалардан жеребе арқылы таңдап,оркестрмен жұмыс жасау болды.
🔹Санжар:
1. Н.Тілендиевтің “Ата тоғауы”
2. Е.Брусиловский “Думанда”
3. ⁠ И.Штраус “ Радецкий марш” шығармаларын дирижерлады.
🔹Байқауға Құрмағазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы (Алматы), П.Чайковский атындағы музыкалық коллджі (Алматы), Маңғыстау өнер колледжі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, А. Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі және Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі студенттері қатысып, өз кәсіби өнерлерін көрсетті.
🔹Байқау жастарға шабыт беретін, тәжірибе алмасатын, кәсіби тұрғыдан бәсекелестік тудыратын шынайы шығармашылық алаңы болды.

kk ru en